Ақтөбе тұрғыны өзі құрастырған күн көлігімен Қазақстанды аралап жүр

Ол бүгін Қарағанды қаласында

Sarbaz.kz редакторы
09/08/2023 - 18:23

Ақтөбелік Владимир Силевич күннен қуат алатын көлік құрастырып, Қазақстан бойынша саяхатқа шыққан. Ол бүгін Қарағанды қаласында. Бұл туралы Sarbaz.kz өңір әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбелік Владимир Силевич – мамандығы бойынша инженер-электроник. Техникаға бала кезінен әуес. Күн көлігін жасауға оны күн сәулесінен қуат алатын техникамен жарыс ұйымдастырушы блогер шабыттандырған. МАNТАNА деп атаған машинасын жасауға 2 ай және 2 миллион теңге жұмсаған.

«Үш дөңгелекті дизайн, алдыңғы екеуі бұрылыстарда тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Жақтауы профильді құбырлардан жасалған. Электр қозғалтқышы Қытайдан, күн панельдері Ресейден жеткізілген. Тізбекті жетек жетекші дөңгелегіне өтеді», - дейді дизайнер.

Маусым айында өткен күн көліктері жарысында ақтөбелік құрастырушы 2-орынды иеленді. Жарысқа Ресей мен Қазақстаннан 10 белсенді конструктор қатысқан. Бағыт 2 700 км болды. Старт Оралда берілді, үш аптадан кейін Алматыда мәресіне жетті. Орта есеппен қатысушылар күніне 150-200 км орташа жылдамдықпен 40-45 км/сағ жүріп өтті.

Тегтер

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93