Оңтүстік Корея тыңшы дрондар шығаратын болды

Бағдарлама 2028 жылға дейін іске асу керек

Ануар Маратов
29/01/2024 - 20:58

Фото: Yonhap

Фото: Yonhap

Солтүстік Кореядан төніп тұрған қауіпті бақылауды күшейту үшін Оңтүстік Корея 2028 жылға қарай әскери кемелерге пайдалануға болатын барлау дрондарын әзірлейді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Younhap-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен айда қорғаныс сатып алу бағдарламасының әкімшілігі (DAPA) Hanwha Systems қорғаныс компаниясымен 2028 жылдың желтоқсанына дейін тікұшақ типті дрон жасау үшін 143,3 миллиард вонға (107,1 миллион АҚШ доллары) келісімшарт жасады.

Басылымның жазуынша, DAPA дрон әскери кемелерден, сондай-ақ Солтүстік Корея шекарасына жақын солтүстік-батыс аралдардағы Теңіз корпусының бөлімшелерінен бақылау және барлау тапсырмаларын орындауға арналған.

Бұл аппарат Оңтүстік Кореядағы тыңшы дронның алғашқы түрі. Ол электро-оптикалық, инфрақызыл камералармен және радиолокациялық жүйелермен жабдықталған, деп хабарлайды DAPA.

Ұшақ шекара аймағын барынша барлап, Солтүстік Корея мен өзге де көрші елдердің арандатушылық белгілерін алдын ала анықтайды деген болжам бар.

Оңтүстік Корея әскери күштерінің мәліметі бойынша, Солтүстік Корея үш күн ішінде, теңіз шекарасына жақын жерде жүздеген артиллериялық снаряд атқан.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88