Құны – 1,3 млрд доллар: Германия жаңа әуе қорғаныс жүйесін әзірлеп жатыр

Келісімшарт құны 1,3 миллиард долларды құрады

Ануар Маратов
29/01/2024 - 20:10

Фото: Diehl

Фото: Diehl

Германияның қорғаныс сатып алу агенттігі қысқа қашықтықтағы әуе қорғанысы жүйесін әзірлеу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Breaking Defence-ке сілтеме жасап хабарлайды.

25 қаңтар күні Бундесвердің жабдық, ақпараттық технологиялар және операциялық қызмет көрсету федералды басқармасы, Rheinmetall, Diehl және Hensoldt компаниялар командасы 1,3 миллиард долларлық келісімшарт жасады. Аталған компаниялар тобы өздерін «Қысқа және өте қысқа қашықтықтағы әуе қорғанысы жүйелерінің консорциумы» немесе ARGE NNbS деп атайды және олар Бундесвердің LVS NNbS деп аталатын перспективті әскери әуе қорғанысы жүйесін әзірлейді. 

«LVS NNbS жобасы Германия НАТО-ның жердегі әуе қорғанысындағы жетекші ел ретіндегі рөліне және еуропалық «аспан қалқаны» бастамасына сәйкес келуін қамтамасыз етеді», – делінген Rheinmetall компаниясның мәлімдемесінде. 

LVS NNbS – ату қашықтықтығы 40 км-ге дейінгі IRIS-T SLM әуе қорғанысы кешенін, ату қашықтықтығы 15 км-ге дейінгі әуе қорғанысы кешенін және ату қашықтықтығы 3 км-ге дейінгі Skyranger әуе қорғаныс зеңбірек кешенін әзрлейді.

LVS NNbS бағдарламасын Германияның қорғаныс министрлігі 2017 жылдан бастап жүзеге асырып келеді, ал оған негізгі ұсыныстарды 2021 жылдың наурызында арнайы құрылған ARGE NNbS консорциумы ұсынды.

Rheinmetall 658 миллион долларға қаржыландырылды, ал ARGE NNbS мердігерлері, зымыран өндіруші Diehl және сенсор өндіруші Hensoldt сәйкесінше 368 миллион доллар және 308 миллион доллар алды.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88