Тайвань Қытайдың сүңгуір қайықтарына қарсы кемелер құрастырады

Жаңа фрегаттар Қытайдың артып келе жатқан флотына жауап ретінде құрастырылады

Ануар Маратов
26/01/2024 - 15:03

Фото: DefenceNews

Фото: DefenceNews

Тайваньдағы ең ірі кеме құрастыру компаниясы сүңгуір қайықтарға қарсы фрегат жасауды бастады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DefenceNews-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Пентагонның есебіне сәйкес, бұл Қытайдың әскери-теңіз күштерінің кеңейюі аясында жүріп жатыр. Қазір Қытайдың әскери-теңіз күштерінде 48 дизельді-электрлік және 12 атомдық сүңгуір қайық бар. Су асты күштері 2025 жылға қарай 65 қайыққа дейін, ал 2035 жылға қарай 80 қайыққа дейін күшейеді деген жоспар бар.

Jong Shyn Shipbuilding компаниясы Гаосюнде құрастыру жұмысы басталғаны туралы рәсім өткізді. Мұнда екі кеме 2026 жылдың қазан айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Олар кейінгі фрегаттар салынғанға дейін прототип ретінде қызмет етеді.

Тайвань қорғаныс министрлігі кемелер туралы нақты мәлімет беруден бас тартты. Алайда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары кемелердің сыйымдылығы шамамен 3000 тонна және ұзындығы шамамен 115 метр болатынын хабарлады.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88