Литва Германиядан танк сатып алатын болды

Танктер Литва әскеріндегі алғашқы дивизияны жабдықтау керек

Ануар Маратов
25/01/2024 - 15:02

Фото: KMW

Фото: KMW

Литваның мемлекеттік қорғаныс кеңесі (VGT) Германияның Leopard 2 танктерін сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы мемлекет басшысының кеңесшісі Кястутис Будрис мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі 15min басылымына сілтеме жасап. 

«Литваның талаптарына сәйкес келетін ең тиімді танк платформасы – Leopard 2», – деді Кястутис Будрис.

Оның айтуынша, Ұлттық Қорғаныс министрлігіне Германияның өндіруші компаниясымен және осы техниканы сатып алғысы келетін басқа елдермен келіссөздер бастау тапсырылған.

Литва өткен жазда Германияда немесе басқа елдерде шығарылған танктерді сатып алу мәселесін қарастырған. Бірақ ол кезде нақты шешім сол қалпы қабылданбай қалған еді. Алайда, кейінірек қорғаныс ресурстары агенттігі Германияның қорғаныс министрлігіне «Леопардтарды» сатып алу туралы хат жіберді.

Литваның танк сатып алуына 2030 жылға қарай ел армиясында дивизия құру туралы шешімі себеп болып отыр.

Литва армиясында танктер мүлдем жоқ. Ал Leopard 2 танктерінің қандай модификациясы сатып алынатыны әзірге белгісіз. Бірақ бұл Чехия сатып алу мүмкін Leopard 2A8 деген болжам бар.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88