Қазақстанда StarLink жұмысына рұқсат етіле ме?

Қазіргі уақытта шетелдік интернет операторлары Қазақстанда заңсыз

Ануар Маратов
24/01/2024 - 21:35

Фото: ixbt.com

Фото: ixbt.com

Мәжіліс отырысында байланыс және цифрландыру мәселелері бойынша түзетулерді талқылау барысында депутат Екатерина Смышляева спутниктік байланыс пен Starlink-ті дамыту мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Екатерина Смышляеваның айтуынша, StarLink жалғыз спутниктік байланыс операторы емес, басқа да компаниялар байланыс қызметтерін ұсынады.

«Көптеген компаниялар өз қызметін спутник арқылы ұсынуға дайын. Олар – шетелдік операторлар. Сол себепті қазіргі заңнама бойынша бұл заңсыз болып есептеледі», – дейді Екатерина Смышляева.

Өз сөзінде жаңа заңда шетелдік операторлардың интернет қызметін ұсыну мүмкіндігіне қолжетімділігін ескеру қажет екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік аспектісін ескеру қажет. Азаматтардың технологияларға қол жеткізуі және ұлттық қауіпсіздік мүдделері ескерілуі үшін тепе-теңдікті сақтау қажет», – дейді ол.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта StarLink 10 ауылдық мектепте тест режимінде іске қосылған.

Тегтер

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04