Келісім шарт құны 5,5 миллиард АҚШ долларlы құрады
Франция Dassault Aviation компаниясынан 5 миллиард еуродан (5,5 миллиард АҚШ доллары) астам қаржыға 42 дана Rafale жойғыш ұшағына тапсырыс берді, деп Sarbaz.kz тілшісі Defence News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Франция сенатының қорғаныс комитетінің мәліметі бойынша, жауынгерлік авиациялық жүйе (FCAS) 2045 немесе 2050 жылдан ертерек қызметке кіріседі.
«Бұл біздің егемендігіміз бен қауіпсіздігіміз үшін, сондай-ақ «Рафаль» арқылы күшейеті қарулы күштеріміз үшін тамаша жаңалық», - деді қарулы күштер министрі Себастьян Лекорню.
«Рафаль» 2004 жылы Францияның әскери-теңіз күштеріне, ал 2006 жылы әскери-әуе күштеріне қару ретінде қабылданған. Ауғанстан, Ливия, Мали, Ирак және Сирия елдеріндегі шайқастарға қатысты. Соңғы келісімшартқа сәйкес, Франция тапсырыс берген «Рафаль» техникасының жалпы саны 234-ке жетті.
«Рафаль» техникасына экспорттық тапсырыс қазіргі уақытта 261 жаңа ұшақты құрайды. Бұл қаруға Мысыр, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері және Индонезия қызығып отыр. Сонымен қатар, Грекия мен Хорватия Францияның әскери-әуе күштері пайдаланған, яғни қолданыста болған 12 «Рафаль» жойғыш ұшағын сатып алды.
Жаңартылған «Рафаль» техникасының соңғы нұсқасында MBDA компаниясының MICA орташа қашықтықтағы әуе зымырандары, сондай-ақ Thales әзірлеген жаңартылған Spectra өзін-өзі қорғау жүйесі бар.
Қорғаныс комитеті FCAS қолданысқа енгізілгенге дейін Францияға ядролық тежеу құралдарының әуе компонентін қамтамасыз ету үшін бірінші дәрежелі жойғыш техникасы қажет болады деп мәлімдеді.