Жаңа қару түрін ұшқышсыз ұшатын нұсқада шығару да жоспарланып отыр
10 қараша, жұма күні B-21 Raider алғаш рет сынақ мақсатында әуеге көтерілді. Бұл АҚШ әуе күштерінің жаңа стелс бомбалаушы ретінде футуристік ядролық қару таси алатын әскери ұшақ болмақ. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Defense News басылымына сілтеме жасап хабарлайды
АҚШ әуе күштері 100 ұшақ құруды жоспарлап отыр, олар «ұшатын қанат» сұлбасымен жасалған және бұрынғы B-2 Spirit-ке өте ұқсас. Дегенмен алдағы уақыттағы қақтығыстарда төзімді болуы үшін озық материалдар, жаңа қозғалтқыштар және жасырын технологиялар қолданылған. Ұшақты ұшқыштармен де басқаруға болады. Сол сияқты ұшқышсыз ұшатын нұсқада шығару да жоспарланып отыр.