Американың атомдық сүңгуір қайығы Таяу Шығысқа жіберілді

«Бұл – Иранға және оның аймақтағы сенімді өкілдеріне қарсы бағытталған нақты тежеу сигналы», - делінген HAARETZ басылымында

Нұрдәулет Кәкіш
06/11/2023 - 17:22

Америка Құрама Штаттары Таяу Шығысқа Огайо класындағы атомдық сүңгуір қайығын жіберді. Бұл туралы АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі HAARETZ басылымына сілтеме жасап.

Газет биылғы 7 қазаннан бері АҚШ-тың Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс аймағына екі тасымалдаушы, яғни USS Gerald Ford және USS Eisenhower жібергенін еске салды.

Огайо класындағы қайықтар АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы ядролық Күштерінің негізін құрайды әрі құрлықаралық баллистикалық зымырандармен жабдықталған.

«Бұл – Иранға және оның аймақтағы сенімді өкілдеріне қарсы бағытталған нақты тежеу сигналы», - делінген басылымда.

«Әскерилер баллистикалық және басқарылатын зымырандармен сүңгуір қайық флотының қозғалысы немесе операциялары туралы сирек хабарлайды (...). АҚШ-тың ядролық үштігінің бөлігі ретінде толық құпиялылық жағдайында әрекет етеді», - деп хабарлады CNN.

CNN хабарлағандай, АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин өзінің израильдік әріптесі Йоав Галантпен сөйлескен кезде АҚШ-тың осы қақтығыстың өршуіне ұмтылған кез келген мемлекеттік немесе үкіметтік емес субъектіні ұстауға деген міндеттемесін растады.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41