Нигерия Қарулы Күштері алдағы апталарда алғашқы екі T129 ATAK шабуыл тікұшағын алады
Әлеуметтік желілерде Нигерия Қарулы Күштеріне жеткізілетін TAI (Turkish Aerospace Industries) түрік компаниясы шығарған алғашқы екі Т129 АТАК шабуыл тікұшақтарының фотосуреттері жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Business day басылымы екі техниканы Нигерияның Қорғаныс министрі Альхаджи Мұхаммед Бадару мен Нигерия әуе күштері штабының бастығы, Әуе маршалы Хасан Абубакардың бірлескен фотосуретінде жарияланғанын хабарлады.
Айта кетерлігі, Нигерия әуе күштерінің қолбасшысы Хасан Абубакар 2023 жылдың 23 тамызында Порт-Харкорттағы 115-ші арнайы операциялар тобына (SOG) бір күндік сапарында АҚШ пен Түркия жақын арада Нигерияға 18 соққы беретін тікұшақ жеткізеді деп мәлімдеді.
АҚШ 12 Bell AH-1Z Viper шабуыл тікұшағын, Анкара – алты түрік шабуыл тікұшағын жеткізуге ниетті.
TAI/AgustaWestland T129 ATAK- Agusta А129 Mangusta тікұшақ платформасында негізделген екі қозғалтқышты, тандемді, көп мақсатты, ауа райын талғамайтын тікұшақ. Оны Turkish Aerospace Industries (TAI) Leonardo S. p.a. компаниясымен серіктестікте әзірледі. Тікұшақ күндіз де, түнде де жоғары температура мен биік таулы аймақ жағдайында барлау және шабуыл тапсырмаларын орындауға арналған.
T129 ATAK түнгі және күндізгі уақытта қолайсыз қоршаған орта жағдайларында жұмыс істеуге оңтайландырылған. Ол түрік армиясының талаптарына сәйкес, A129 түпнұсқасынан бірнеше есе жақсартылған. T129 маневрдің жоғары деңгейін, жоғары соққыға төзімділікті және баллистикалық тұрақтылықты, сондай-ақ дыбыс деңгейін және радиолокациялық силуэтті азайтуын қамтамасыз ету үшін жасалған.
T129 тікұшағы Түркия әзірлеген авиониканы, планер модификацияларын және қару-жарақ жүйелерін AgustaWestland A129 планеріне жаңартылған қозғалтқыштармен, беріліс қорабымен және ротор қалақтарымен біріктірудің нәтижесі болып саналады.
Т129-дың бастапқы нұсқадан айырмашылығы – Түркияда әзірленген борттық компьютер, авионика, қару-жарақ жүйелерін, өзін-өзі қорғау құралдары және өзге қару жиынтығы. Бұл – лазермен бағытталатын CIRIT зымырандары және лазердік/инфрақызыл өзіндік дәлдеу бастиегімен жабдықталатын UMTAS зымырандары.
Т-129 нұсқалары:
Қазіргі кезде, Т129 негізгі қолданушылары – Түркия:
- Түркия құрлық әскері: 58 T-129A/T-129B;
- Жандармерияның Бас қолбасшылығы: тапсырыс берілген 24-тің 13-і жеткізілді;
Филипин – 4 T-129B.
Басқа тікұшақтармен салыстырғанда, Т129 өз сыныбының лайықты өкілі болып саналады. Басқа тікұшақтармен салыстырғанда, Т129 АТАК кейбір сипаттамалары бойынша қатарластарынан асып түседі. Мысалы, жоғарыда аталған AH-1Z Viper тікұшағымен салыстырғанда, Т129 АТАК-тың дағдылы жылдамдығы және әрекет радиусы көбірек. Алайда, техниканы тек сипаттамалары бойынша салыстыруға болмайтынын да есте ұстаған жөн.
Қорытындысында, Т129 АТАК техниканы өз қажеттіліктеріне бейімдеудің жақсы үлгісі болып саналады. Сондай-ақ, түрік әскери-өнеркәсіптік кешенінің кең дамуы аясында бұл тікұшақтың экспорттық әлеуеті де зор.
Негізгі сипаттамалары:
Ұшу сипаттамалары:
Қарулану:
Зымырандар: