Қазақстанда келесі жылдан бастап Түркияның әскери дрондары өндіріледі

Соңғы жылдары дрондар болашақтың қаруы деп аталып келеді

Sarbaz.kz редакторы
16/10/2023 - 17:31

Қазақстанда 2024 жылы Түркияның ANKA ұшқышсыз ұшатын аппараттарын шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Inbusiness мәліметіне жүгінсек, «ANKA» Turkish Aerospace UAV UAV бағдарламаларын дамыту жөніндегі менеджері Эрол Оғыз қазір инвестиция көлемі пысықталып жатқанын мәлім еткен. Бұл бастаманың мақсаты – Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппараттардың өндірісін жолға қою ғана емес, сонымен қатар қазақстандық мамандарға білім беру.

«Біз өндіріс орнын ашып қана қоймай, болашақта Қазақстан ұшқышсыз ұшу аппараттарын өз бетінше өндіре алатындай тәжірибе мен технологияларға ие болуын мақсат етіп отырмыз», – деп түсіндірді Эрол Оғыз.

Айта кетейік, 2022 жылғы 10 мамырда Анкарада «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «Turkish Aerospace» арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Осы құжатқа сәйкес, Қазақстанда «Қазақстан инжиниринг» еншілес компаниясы базасында ANKA ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру және техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады.

Anka ұшқышсыз ұшу аппараты Таяу Шығыстағы, Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдарында қолданылып, тиімділігін көрсетті.

Ұшу аппараттарының жүк көтергіштігі 300 кг-ға дейін, ал мұздан тазарту жүйесінің болуы суық ауа райында да ұшуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары дрондар болашақтың қаруы деп аталған болса, қазіргі уақытта қарулы қақтығыстарда белсенді қолданылып жатқанынан хабардармыз.

Anka апараттарының негізгі артықшылықтары:

  • барлау, нысананы дәлдеу;
  • артиллериялық атысты түзету;
  • жерден нысандарға соққы беретін авиацияны бағыттау;
  • әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын анықтау және еңсеру;
  • дұшпанның аса маңызды нысандарын жою.

Бұл – жаңа қару түрінің мүмкіндіктерінің бір бөлігі ғана. Ал ең бастысы –  жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде жеке құрамның зардап шегуінің алдын алады.

Тегтер

×

Редакция

$ 491.71  529.97  5.05