Алғашқы танк қашан пайда болды?

Sarbaz.kz редакторы
23/06/2023 - 22:39

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Бұл көліктің тарихы тым тереңде жатыр. Ренессанс дәуірінде өмір сүрген белгілі суретші, мүсінші, конструктор Леонардо да Винчи танктың алғашқы нұсқасын жасап шыққан. Алайда оның сыртқы көрінісі танкке мүлде ұқсамайды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған шақта ең алғашқы танк жарыққа шықты.  Сомма шайқасында ағылшын-француз армиясының тарапынан қолданылды. Оны Триттон атты инженер мен Вильсон лейтенант құрастырып, көлікті «Кішкене Вилли» деп атайды. 

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде  орыс конструкторы Николай Лебедов алғашқы орыс танкісін жасап шығарады. Оған бұл идея орта азиялықтардың үлкен доңғалақты арбаларын көргеннен кейін келген. Айтқандай-ақ, бұл қарудың тұрпаты алып арбаны еске түсіретін.

1917 жылы немістерде «Бремерваген» фирмасы A7V атты сауытты көлігін құрастыруды бастайды.  

Француздар 1916 жылы өздерінің төл танкін құрастыру үшін «Шнейдер» компаниясына тапсырыс береді. Алайда олар құрастырған шынжыр табанды танк соғысқа жарамсыз болып шығады. Сәтсіздіктен кейін француз билігі тапсырысты Рено компаниясына береді. Бұл нұсқа өзінен кейінгі барлық танктерге даңғыл жол салып кетті.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англияда 2900, Францияда 6200, АҚШ-та 1000, Германияда 100 танк шығарылған. 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде орта және ауыр танкілер пайдаланылды. 1943 жылы соғыс кезінде танк негізінде өздігінен жүретін зеңбіректік қондырғылар жасалды. 1939 жылдың өзінде КСРО-да  95 099, Германияда 65 100, АҚШ-та 103 096, Ұлыбританияда 25 160, Канадада 5 815, Жапонияда 3 648 танкі мен өздігінен жүретін зеңбіректік қондырғы шығарылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91