Түркияда қанша қазақ тұрады?

Анадолыдағы Алаш баласы іргелі жұрт құрап, бүгінде түрік бауырларымен қоян-қолтық ғұмыр кешуде

Нұрдәулет Кәкіш
08/09/2023 - 21:38

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Жер шарының әр түкпірінде жүрген қарға тамырлы қазақтың бір бөлігі Түркияны мекен етеді. Бүгінде Түркияда қанша қазақ тұрады? Бұл сұраққа журналист-жазушы Гүлжаз Карыбек жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Түркия қазақтары» деп аталатын Анадолыдағы Алаштың алтын айдарлы, ардақты баласы қазақтар іргелі жұрт құрап, бүгінде түрік бауырларымен қоян-қолтық ғұмыр кешуде.

Гүлжаз Карыбектің мәліметінше, 1930 жылдары Шығыс Түркістанның Алтай, Баркөл, Сауан, Гәскөл аймақтарынан үдере көшіп, алдымен Гансу, Шынқайға ат суытып, сосын Гималай мен Тақламақан шөлін кесіп өтіп, Үндістан мен Пәкістан арқылы Түркияға тұяғы іліккен аталарымыздың ұзын-саны қазір 25 мыңнан асып жығылады.

«Түркиядағы бас консул Темірлан Сайлауұлы: «Бүгінгі таңда Түркияның құзірет органдарының хабарлауы бойынша, білім алуға келген студенттердің саны – 2 900. Ал жалпы Түркияда тұрып жатқан қазақтардың саны 25 мыңға жуық» деді арнайы сұрағанымызда. Бейресми деректерге сүйенсек, келіп-кетіп жүрген қазақтар саны жиырма мыңның үстінде. Демек, Түркияда 50  мыңға жуық қазақ тұрып жатыр», - деді журналист-жазушы Гүлжаз Карыбек.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.16  480.39  4.94