Қазақстанның Құрлық әскерлерінде 25 мыңға жуық сарбаз қызмет етеді

Құрлық әскерлері Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, әскердің басқыншылыққа қарсы әзірлігін қолдау, құрлықтағы мемлекеттік шекараны қорғау, бітімгершілік миссияларын орындау сияқты бірқатар міндетті атқарады

Аян Кайырбаев
08/05/2024 - 13:31

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Құрлық әскерлері – әлем бойынша көптеген армиялардың Қарулы күштеріндегі ең үлкен тармағы. Мысалы Қазақстанда Құрлық әскерлерінде 25 мың адам қызмет етеді. Sarbaz.kz өзінің мерекелік материалында Қарулы Күштердің осы түрінің қалыптасу тарихын еске түсіріп көрді.

Қазақстандағы Құрлық әскерлері Президенттің 1993 жылғы 21 сәуірдегі Жарлығымен Орталық Азия әскери округінің 40-шы құрама қарулы армиясының негізінде құрылды. Осыдан кейін армияда ауқымды жаңғырту процесі басталды. 1996 жылы алғашқы мотоатқыштар бригадасы құрылды, ол үшін келісімшарт бойынша әскери қызметкерлерді жинау басталды. Бір жылдан кейін еліміздің оңтүстік облыстарының барлық бөлімдері мен құрамаларын біріктірген 2-ші армия корпусы құрылды.

2000 жылы өңірлік қолбасшылықтар құрылды. Құрлық әскерлерінің құрамына 4 аймақтық қолбасшылықтардың, яғни «Астана», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» қолбасшылығының әскерлері, сондай-ақ Әуе шабуылы әскерлері, Зымыран әскерлері және артиллерия кірді.

Қарулы күштердің құрметті ардагері, генерал-майор Геннадий Носоновскийдің айтуынша, жалпы армияны, оның ішінде Құрлық әскерлерін құрудағы ең маңызды еңбек сіңірген адам – бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, «Халық Қақарманы», армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов. Ол қарулы күштердің құрылуына біз осы кісіге міндеттіміз деп есептейді.

Сағадат Нұрмағамбетов Қарулы күштерді қалай құру керегін анық түсінді. Майдан даласындағы бай тәжірибесі арқасында ол өзінің даналығымен, қарамағындағыларға деген ынта-ықыласымен ерекшеленді. Қорғаныс министрі армияны офицерлермен толықтыруды сауатты жүргізді. Оның бізге: «Бір рет ант береміз, екінші рет ант бермейміз» дегені есімде. Сағадат Қожахметұлының бұл сөзі бізге қосымша мотивация мен күш-қуат берді. Екіншісі: «Біз ұлтқа бөлінбейміз, өйткені мен соғыста бәрінің қаны бірдей, қызыл екенін көріп, бәрінің тең екеніне көзім жетті». Сондықтан ол әрқашан адамдарды кәсіби қасиеті мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бағалайтын, – дейді Геннадий Носоновский.

Бүгінгі таңда Құрлық әскерлері Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, басқыншылыққа қарсы тұруға әскерлердің дайындығын сақтау, құрлықтағы мемлекеттік шекараларды қорғау, бітімгершілік тапсырмаларды орындау сияқты бірқатар міндеттерді атқарып келеді.

Жауынгерлік әзірліктегі Құрлық әскерлерін құру жолындағы маңызды қадам Алматы құрама қару-жарақ командалық училищесінің базасында Құрлық әскерлері институтын құру болды. Институт қарулы күштерге офицерлер дайындайды. Мысалы артиллеристер, инженерлік әскерлер мен радиохимиялық қорғаныс мамандары, оқу орындарының офицерлері және тағы басқалары осы институттың түлектері.

Генерал Геннадий Носоновский Құрлық әскерлері «әскердің тірегі» болған және болып қала беретініне сенімді. Сондықтан олар ең озық технологиямен жабдықталуы керек.

Ел басшылығы мен қорғаныс ведомствосы бұл салаға ерекше көңіл бөлуде. Қазақстанның Құрлық әскерлері Т-72, ​​Т-72БА, Т-62 типті танктермен, БТР-80, БТР-80А, БТР-60, МТ-ЛБ, «Арлан», БРМ-1К, БРДМ-2 жауынгерлік барлау машиналары және басқа да техникамен қаруланған.

Технологияға мұқият қарау маңызды. Қолданыстағы броньды машиналар Орталық Азияның әскери қимылдар театрында әлі де өзінің тиімділігін көрсете алады деп есептеймін. Қазіргі заманғы соғыс жағдайында әуе қорғанысының жаңа жүйелеріне және авиацияның жаңа түрлеріне, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен робототехникаға назар аударған жөн, – деді Геннадий Носоновский.

Тегтер

×

Редакция

$ 524.65  552.19  5.14