Қазақстанның бітімгершілік қызметі: құрылу тарихы, қазіргі жағдайы

27 адамнан тұратын «Қазбаттың» алғашқы инженерлік-саперлік жасағы Иракта бес жыл ішінде 4 миллионнан астам оқ-дәрі мен жарылғыш құрылғыларды залалсыздандырды 

Нұрдәулет Кәкіш
08/05/2024 - 12:35

Фото: Санат Қазбековтің жеке мұрағатынан / Ливандағы бітімгерлік миссия

Фото: Санат Қазбековтің жеке мұрағатынан / Ливандағы бітімгерлік миссия

Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ бітімгершілік миссияларына белсенді қатысады. Қазақстанның бітімгершілік қызметінің тарихы 2000 жылы басталды. Ел Президентінің Жарлығымен қазақстандық бітімгершілік батальоны құрылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

2003 жылы қарқынды дайындықтан кейін «Қазбат» әскери қызметшілері Ирактағы АҚШ пен НАТО қамқорлығымен бітімгершілік операцияға кірісті («Ирак бостандығы» операциясы).

БҰҰ-ның алғашқы бітімгершілік күшінің құрылғанына 75 жыл толуына орай (2023 жылғы 29 мамыр) Қазақстан СІМ-де ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, БҰҰ-ның біздің еліміздегі өкілдігінің және шетелдік дипломатиялық корпустың қатысуымен іс-шара өтті. Онда ұйымның миссиялары аясында отандық «көк дулығалардың» қызметіне жоғары баға берілді.

Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына 20 жылдан астам уақыт бойы қатысады.

2000 жылы «Қазақстан бітімгерлер батальоны» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Үкімет қаулысы қабылданды, содан соң еліміз алғашқы бітімгерлік миссияларға қатыса бастады. Сол жылы Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша бітімгерлік қызметін бастады.

2003 жылдың тамызында 27 адамнан тұратын «Қазбаттың» алғашқы инженерлік-саперлік жасағы Иракқа барды. Бес жыл ішінде қазақстандық бітімгерлер 4 миллионнан астам оқ-дәрі мен жарылғыш құрылғыларды залалсыздандырды. Осы уақыт ішінде олар жергілікті халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп, мұқтаж жандарға медициналық көмек көрсетті.

2014 жылдан бастап БҰҰ-ның Кот-д'Ивуар, Батыс Сахара, Ливан, Орталық Африка Республикасы және Малидегі миссияларына штаб офицерлері мен әскери бақылаушылар ретінде 60-қа жуық қазақстандық әскери қызметші қатысты, оның ішінде алты әйел де бар.

Еліміздің бітімгершілік әлеуетін нығайтудағы маңызды қадам 2018 жылы БҰҰ мандаты негізінде әрекет еткен алғашқы қазақстандық ротаны Ливанға жіберу болды. Бес жыл ішінде ұлттық бітімгерлік контингенттің жеке құрамы сегіз мәрте ротацияланды.

2000 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның бітімгерлік батальоны құрылды. Сол 2000 жылдан бері қазақстандық бітімгерлер 8 бітімгершілік миссияға қатысып келді.

Қазақстандық бітімгерлер биылғы наурызда Сириядағы миссияны орындауға кірісті. Олар келісілген жауапкершілік аймақтарын күзетеді, жол тосқауылдарын ұйымдастырады, бітімгершілік базасын күзетеді және бейбітшілік келісімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Біздің әскери қызметшілер Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, ол жерден автокөліктермен Фауар бітімгершілік базасына жетті.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық бірінші бітімгершілік континентінің құрамында 139 әскери қызметші бар. Олардың 7-уі – әйел адам, соның ішінде мерген, дәрігерлер мен аспаздар және санитарлар.

Тегтер

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04