«Ауғандық жоғары шендіге екпе салдым»: медбике соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісті

Ауған соғысы кезінде әскери госпиталь медбикелерінің жалақысы қанша болды?

Нұрдәулет Кәкіш
11/03/2024 - 22:49

Фото: Бақыт Қалиеваның жеке мұрағатынан

Фото: Бақыт Қалиеваның жеке мұрағатынан

1984-1986 жылдары Ауғанстанның Пули-Хумри қаласы маңындағы КСРО-ның әскери госпиталінде медбике болып қызмет еткен Бақыт Қалиева соғыс кезіндегі сәттерді еске түсіріп, сол уақыттағы жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Жергілікті тұрғынды бір рет біздің госпитальға алып келді. Одан бері 40 жыл өтті. Аттарын ұмытып қалыппын. Бір жоғары шендіні әкеліп, бөлек палатаға жатқызды. Есіктің бір жағында олардың күзетшілері, екінші жағында біздің күзетшілер автоматпен тұрды. Ал біз кіріп, екпемізді жасап, үндемей-ақ кетіп отырған күндер болды», - деді ардагер медбике.

Сонымен қатар ол сол кездегі жалақысы туралы да тілге тиек етті.

«Жалақымыз елдегіден 2-3 жалақыға көп болды. Оның бір бөлігі елде банктік есеп-шотта қалып отырды. Қалған екі бөлігін чекпен алдық. Ол кезде Целиноградтағы медбикенің жалақысы 90 сом болған. Жалақымызға сондағы дүкендерден азық-түлік сатып алатынбыз. Көп жинамадық. Жинағанымызды тек Алматы, Мәскеу сияқты үлкен қалаларға ғана барып, жұмсауға мүмкіндік болды. Ол кезде қазіргідей көлік, пәтер алу деген үрдіс жоқ. Тек киім-кешек сатып алдық. Әйтеуір чекті жұмсап бітіру керек болды, - деді Бақыт Қалиева Sarbaz.kz тілшісіне берген сұхбатында

Сұхбаттың толық нұсқасын осы сілтеме арқылы көре аласыз

 

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04