Ұлы Отан соғысы кездерінде әскерилер жаңа жылды қалай қарсы алған?

Майдангерлер мерекелік шыршаны қолда бар материалдардан жасаған. Оған атылған гильзаларды да ілген.

Админ
28/12/2023 - 23:01

Фото: i.mycdn.me

Фото: i.mycdn.me

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соығысында Кеңес әскері 4 рет жаңа жылды соғыс жағдайында қарсы алды. Соғыстың алғашқы жаңа жылында қызыл армиялықтар Мәскеу түбінде, ал 1944 жылдың жаңа жылын Берлин маңында болған. Сұрапыл соғыс кезінде олар жаңа жыл мерекесін қалай атап өткен? Толығырақ Sarbaz.kz порталында.

Шырша соғыс жылдарында да жаңа жылдың міндетті атрибуты болыпты. Майдандағы жауынгерлер мерекенің символын мүмкіндігінше орнатуға тырысқан. Олар мерекелік шыршаны қолда бар материалдардан жасаған. Оны ойыншықтармен де безендіріпті. Мысалы, оған погондарды, мақтаны, сым, бинт, жұмыртқа қабығы сияқты заттарды қолданған. Тіпті атылған гильзаларды да ілген.

Мерекелік үстел әркезде әртүрлі болыпты. Өйткені майдангерлер сәлемдемелерді тылдан алады. Оларға жағдайға қарай әртүрлі заттар мен керек-жарақтар жіберіліп тұрған. Мысалы, қалалар мен ауылдардың тұрғындары майдан даласына кеңсе тауарларын, жеке гигиеналық заттар, темекі, жылы киімдер, кәмпиттер жіберіп тұрған.

Ұшқыш офицерлердің мерекелік дастарханында шампан, жемістердің көп түрі және ең жақсы темекі тұрған. Мұндай экзотикалық сәлемдемелер Сталинград шайқастарындағы жеңістер үшін генерал Ватутинге оңтүстік-батыс майданға жіберілген.

Басқа мерекелер сияқты жаңа жылда да Мемлекеттік қорғаныс комитетінің 1942 жылғы 6 маусымдағы қаулысына сәйкес, әскери қызметшілерге 100 грамм арақ берілген. Олар оны «Наркомдық 100 грамм» деп атаған екен. 

Кейбір мерекелік жағдайға қарамастан, әскери қатарында тәртіп пен қырағылық басты назарда болған. Кеңес қолбасшылығы үнемі майданда да, тылда да әскерде тәртіпті қатаң сақтаған. Офицерлерге бағыныштылар қатарында маскүнемдік пен ерегс-төбелеске жол бермеу туралы талап қойылған. Мереке соңында еркінсуге тыйым салынған. Мерекелік іс-шараларды бақылау талаптары саяси қызметкерлердің мойнында болған. Олар мерекеде міндетті түрде өз бөлімшелерінің жауынгерлерімен бірге жүрген. Қызыл армия жаңа жылды күрделі әскери жағдайда төрт рет қарсы алған. 1941-1945 жылдардағы жаңа жылдық естеліктердің көбі жауынгерлік шайқаспен байланысты келеді. Барлау, атыс-шабыс мерекелік күнтізбеге мүлде қарамаған. Жаңа жыл қарсаңында жауынгерлер бір-бірін ауызша құттықтап, қайтадан шайқасқа аттанып отырған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери және мерекелік мақамдарды біріктіретін арнайы жаңа жылдық пошта карталары шығарылған. Карталардың тақырыбы әр түрлі болған. Онда жауынгердің кескіні, кеңестік әскери қызметшілердің, партизандардың, тыл еңбеккерлерінің батылдығы, мультфильмдердегі, плакаттардағы, сондай-ақ, фашистерді қуып жіберген Аяз ата сияқты кейіпкерлер бейнеленген.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04