Украинадағы соғыс 2024 жылы аяқталуы мүмкін бе?

Қазақстандық сарапшы Украина – Ресей арасындағы соғысқа қатысты болжамды пікірін айтты

Ануар Маратов
29/12/2023 - 22:38

rtvi.com

rtvi.com

2023 жылы Украинадағы соғыс көптеген оқиғаға толы болды. Жыл соңына қарай АҚШ-тың көмек пакетінің сарқылуы, Ресей экономикасының әскери қажеттіліктерге ауысуы, Украинадағы жауынгерлердің тапшылығы сияқты факторлар 2024 жылы соғыс көрнісін қалай өзгертуі мүмкін? Осы және басқа да сұрақтар бойынша Sarbaz.kz тілішсі халықаралқық қатынастар жөніндегі сарапшы, саясаттанушы Ілияс Бактығалиевтің пікірін білді.

Сарапшы 2024 жылы Ресей – Украина соғысын тоқтатуға тараптардың ешқайсысы аса құлықты емес екенін атап өтті.

«Шын мәнінде, қақтығысты тоқтатуға да, оны жалғастыруға да көптеген себеп бар. Мұнда бәрі тек саяси ерік-жігермен және тараптардың бейбітшілік орнатуға дайын болуымен шешіледі. Менің ойымша, қазір тараптардың ешқайсысы қақтығыстың жақын арада аяқталуына нақты қызығушылық танытпайды. Өзіңіз ойлаңыз, Украина АҚШ-тан да, Еуропалық Одақтан да қаржылық қолдау бөлуді белсенді түрде жалғастыруда. Қаржы тапшылығы жағдайында бюджеттен барлық резервтерді іске қосуға дайын. Жақында Украинаның Экономика министрі Юлия Свириденко айтқандай, егер АҚШ пен Еуропа Одағы келесі жылдың басында Украинаға жаңа көмек пакетін ұсынбаса, онда ел экономикасы өмір үшін күрес режиміне өтеді», - деді .

Фотода: Ілияс Бактығалиев

Сонымен қатар ол Украинаның 500 мың адамды жұмылдыруға дайындығы туралы айтты. 

«Украина билігі үшін басты басымдық қорғаныс шығындары болып қала береді. Украина Қарулы күштерінің басшылығы тағы жарты миллион адамды жұмылдыру қажет деп отыр. Соғысты жалғастыруға осындай дайындығы кезінде Украинаның бейбітшілікке деген қызығушылығы туралы айтудың қажеті жоқ», - деді Ілияс.

Сарапшы Ресейдегі жағдай туралы да сөз қозғады.

«Ресей Федерациясында осыған ұқсас жағдай. Егер 2022 жылы ресейлік элиталардың өздері бейбітшілікті қалап, белгілі бір жеңілдіктерге дайын болса, онда 2023 жылы жағдай түбегейлі өзгерер еді. Ресей Федерациясы жаңа жағдайда өзін сенімді және жайлы сезіне бастады. Сонымен қатар бұл ел «Жаһандық Оңтүстік» деп аталатын қолдауды сезінеді. Ал бұл тек қақтығысты жалғастыруға сенімділікті арттырады», - деді ол.

Саясаттанушы Таяу Шығыстағы оқиғаларға байланысты АҚШ тарапының көзқарасы өзгергенін атап өтті.

«Бірақ АҚШ тарапынан риторика келіссөздер процесіне қарай айтарлықтай өзгереді. Бұл елдің қолда бар әскери арсеналдарының сарқылуы және бірден бірнеше соғысты қолдай алмауымен байланысты болып отыр», - деді саясаттанушы.

Сарапшы Украинаның сәтсіз шабуылы туралы да тілге тиек етті.

«Украинаның қарсы шабуылының сәтсіздігінен кейін жеңісті эйфорияның жоғалуы маңызды рөл атқарды. Дәл осы сәттен бастап АҚШ-тың Украинаны қолдауға деген қызығушылығы біртіндеп салқындай бастады», - деді Ілияс Бактығалиев.

Сарапшы Ресей Федерациясы тарапынан шабуыл жасау мүмкіндігіне жол берді:

«Менің ойымша, Ресей Федерациясы шабуыл жасауға қатты кірісетін болса, солтүстік-батыс Қара теңізді басып алып, Украинаны теңізге шығудан толығымен ажыратады. Барлық тарап үшін жағдай оңай емес екенін түсіну керек. Украина мен Ресей Федерациясы қақтығысты жалғастыруға дайын. Менің ойымша, 2024 жылы бұл қақтығыс түпкілікті тоқтамайды. Сонымен қатар оқиғалар дамудың басқа нұсқаларын алып тастауға болмайды», - деді саясаттанушы.

Тегтер

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04