«Қарсыластарымыз осал болмады»: Азиаданың екі дүркін чемпионы финалдық ойын туралы

Спортшыларымыз финалда Кувейт елін жеңді

Sarbaz.kz редакторы
28/09/2023 - 22:38

Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Әсем Орынбай финалдық кездесуден кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстандық спортшылар стенд атудың скит бағдарламасы аралас жұптық сыны финалында Кувейт құрамасын жеңді

Қазақстандық мерген, жазғы Азиаданың екі дүркін жеңімпазы Әсем Орынбай стенд атудың скит бағдарламасы аралас жұптық сыны финалында Эдуард Ещенкомен бірге Кувейт құрамасын жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Жылдың басынан бері көп дайындалдық. Сол еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Эдуард екеуміз жұп болғалы әр жарыста жеңіске жетіп келеміз. Екеумізді әлемнің мықты жұптарының бірі деуге болады. Сондықтан да «алтын» бұйырды. Қарсыластарымыз да осал болмады», - деді Әсем Орынбай тілшілерге берген сұхбатында.

Кеше Әсем Орынбай командалық сында «алтын» жүлдеге қол жеткізген болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4