Қазақстандық гимнаст Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

Бүгін ел құрамасы қоржынына екі алтын медаль түсті

Sarbaz.kz редакторы
28/09/2023 - 21:15

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстандық спортшы ат үстіндегі жаттығудың финалдық сатысында сынға түсті. Нәтижесінде 15.100 балл жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Бұл жарыста бас жүлде Тайбэйден келген Чин-Кай Лиге бұйырса, екінші орынға жапониялық Рето Цумаро жайғасты.

Айта кетейік, бүгін ел құрамасы қоржынына екі алтын медаль түсті.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4