Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі сәтте барлығы 14 жүлде бар
Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, спортшыларымызға семсерлесуден қола жүлде бұйырды.
«Семсерлесуден ерлер құрамасы (Артем Саркисян, Мұхамедәлі Рахманәли, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев) командалық бәсекеде өнер көрсетіп, қола жүлде иегері атанды», - делінген хабарламада.
Қазақстандық жартылай финалда әлемнің үздіктерінің бірі саналатын Оңтүстік Кореяға 41:45 есебімен жол берді.
Әзірге Қазақстан құрамасы семсерлесуден 2 қола жүлде жеңіп алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі сәтте барлығы 14 жүлде: 1 алтын, 2 күміс және 11 қола медаль бар.