Азия ойындары: стенд атудан Қазақстан қола жүлдегер атанды

Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті

Sarbaz.kz редакторы
27/09/2023 - 20:47

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Стенд атудың «скит» бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.

Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).

Айта кетейік, бүгін Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4