Азия ойындары: Қазақстан нысана көздеуден күміс жүлдегер атанды

Осылайша, Азиадада Қазақстан қоржынына жетінші медаль түсті

Sarbaz.kz редакторы
26/09/2023 - 20:00

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Құрамында Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков және Асадбек Назиркулиев бар қазақстандықтар 10 метрден жылжымалы нысанға оқ атудан екінші орынға көтерілді.

Қазақстан құрамасы индонезиялықтардың алдын орап кеткенімен, соңғы сында оңтүстіккореялықтарға есе жіберді.

Осылайша, Азиадада Қазақстан қоржынына жетінші медаль түсті. Ооның екеуі – күміс, бесеуі – қола.

Бүгін Қазақстан дзюдо құрамасынан Аруна Жангелдина, Кәмила Берліқаш және Нұрлыхан Шархан қола жүлде үшін бәсекеге түседі.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4