Жаңалықты UFC президенті Дана Уайт жариялады
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) өзінің келесі кездесуін америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) өткізеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Осыдан бірер күн бұрын қарсыластар жекпе-жек жайлы әлеуметтік желіде «келіскен», енді айқас туралы ресми түрде хабарланды.
UFC 296, Эдвардс Ковингтонға қарсы, 16 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да. Әлеуметтік желіден оқыған да шығарсыздар, бізде «Wonderboy» (Стивен Томпсон — ред.) мен Шавкат Рахмонов арасында жекпе-жек өтеді. «Wonderboy» өзінің бұған дейінгі айқасында Кевин Холландты жеңді, ал Рахмонов 17-0 рекордтық көрсеткіші бар жеңілмеген спортшы, — деп мәлімдеді Уайт.