Дәурен Нұрғожин Қазақстан құрамасының бапкері атанды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы жасақталды

Админ
09/09/2023 - 19:44

Құрама 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында элиталық раундта сынға түседі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері ретінде көпшілікке Кака лақап атымен танымал Пауло Рикардо Фигуэра Силва қала береді. Ол 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Келісімшартын тағы екі жылға ұзартқан.

Көмекшісі ретінде 33 жастағы Дәурен Нұрғожин тағайындалды. Қарағандылық ойыншы жақында карьерасын аяқтаған еді.

Физкалық дайындыққа 45 жастағы бразилиялық маман Вендель Луиз Бастос Э Силва шақырылды. Ол жақында «Семей» клубына жұмысқа тұрған.

Сонымен қатар 39 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Григорий Шамро қақпашыларды жаттықтырады.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81