«Әĸем анам жǝне мен – спорттық отбасымыз»

Админ
22/09/2024 - 12:51

Жетісу гарнизонындағы 18404 ǝсĸери бөлімінде «Әĸем анам жǝне мен спорттық отбасымыз» атты батальон аралық жарыс өтĸізілді.

Игі іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау болып табылды. Аталған мерекелік шараның өтуіне әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетеĸшісі Айсұлу Жумаĸеева ұйытқы болды.

       Спорттың әр түрінен тартысты сайысқа түскен алты команда өздерінің ептіліктерін көрсетіп, жанкүйерлерін тартысты көңіл-күйге бөледі.

Тартысты өткен сайыстың қортындысы бойынша I орынды «Сапсан», II орынды «Ирбис» командалары иеленсе, ал III орынды «Сұңқар» командасы қанжығалады.

Іс-шара соңында жеңіпаз командаларға кубок, медаль, грамота және бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

 

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

×

Редакция

$ 478.54  533.76  5.17