V Дүниежүзілік көшенділер ойындарына

Админ
22/09/2024 - 12:49

Құт қонақтар келіп, жайнап төңірек,

Қазақ пейіл, жүрек кетті елжіреп.

Әнұраным жиі-жиі шырқалып,

Көк туымыз көз тартады желбіреп!

 

Таңдаулы мен сом білектер шығатын,

Жанкүйерлер арттыратын қуатын.

Марқасқалар елді әлемге танытқан,

Көп жасаңдар, алып, шалып жығатын!

 

Бөгелмейтін еш нәрседен тосылмай,

Барлық елмен бауырластар, дос ыңғай.

Қарсыласын қалдыратын қапыда,

Қазағымның батырлары осындай!

 

Қалай ғана шырқамаймыз ән қылып,

Ержүректер жатса әлемді таң қылып.

Тәуелсіз ел – Қазақстан жасасын,

Егемендік мығым болып мәңгілік!

 

Марат Турабаев, ҚР ҚМ зейнеткері,

Тәжік-Ауған шекарасы жауынгерлік

іс-қимылдарының ардагері

×

Редакция

$ 478.54  533.76  5.17