Қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова ел қоржынына күміс жүлдені салды
Қазақстандық Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Sporttime.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында Нұрлан Исатаев грузиялық Мераби Самадашвилиді ұтты.
«Финалдық белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Голден скорда (қосымша уақыт) отандасымыз ұтымды әдіс пайдаланып, ұпай еншілеп, ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады», - делінген хабарламада.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. Іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаровты (Түркменстан), Лиова Спариянды (Армения) Янг Жонатанды (АҚШ) айқын басымдықпен жеңді.
«Өз тобынан үздік шыққан ол жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақпен белдесті. Нәтижесінде, Исатаев финалға жолдама алса, Оралбек Байзақ жұбаныш белдесуінде қола жүлдені жеңіп алды», - делінген хабарламада.
Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова ел қоржынына күміс жүлдені салды.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль кестесінде бірінші орынмен бастады.
Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады.