Қазақстан ТМД әскерлері арасында қазақ күресінен чемпионат өткізуді ұсынды

Достастық елдері арасында қазақ күресімен қатар самбодан да жарыс өткізу ұсынылды

Админ
21/03/2024 - 16:14

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов Беларусь елінің астанасы Минскіде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан өкілдері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер қорғаныс министрліктерінің спорт ведомстволары арасындағы іс-әрекетке қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. 

2030 жылға дейінгі негізгі шаралар жоспарын әзірлеу, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ТМД-ға мүше елдер Достық армияларының XVII Спартакиадасы шеңберінде өткізілетін спорт түрлерінен чемпионаттарға дайындық мәселелері күн тәртібінде сөз етілді.

Қазақстан тарапы отырыс барысында 2024 жылы Достастық елдері арасында қазақ күресі мен самбодан чемпионат өткізуді ұсынды.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88