Әскери спортшы еркін күрестен халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Турнирге 200-ден астам спортшы қатысты

Sarbaz.kz редакторы
20/03/2024 - 15:56

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстандық әскери спортшы еркін күрестен халықаралық турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арменияның астанасы Ереванда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында еркін күрестен өтіп жатқан халықаралық жарыс аяқталды. Оған он елден 200-ден астам спортшы қатысты.

ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Камиль Куруглиев 92 келі салмақта бағын сынап, турнирдің алтынын олжалады.

Бірінші кездесуде ҚР Қарулы күштерінің қызметшісіі Еуропа 2023 U20 чемпионы армян балуаны Князь Ибоянды жеңді. Камиль Куруглиев Иран чемпионы Әмір Азипурдан да 13:2 есебімен басым түсті. Соңғы кездесуде қазақстандық спортшы беларусь балуаны Алексей Пархоменконы 7:3 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

Турнирге Армения, Беларусь, Грузия, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Франция елдерінен келген балуандар қатысты.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88