Армиялық қоян-қолтық ұрыстан еліміздің ең мықты десантшылары анықталды

Десантшылар әскерлер қолбасшысының кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан сайысқа түсті

Админ
18/02/2024 - 20:44

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының кубогына армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат Райымбек батыр атындағы Алматы Десанттық-шабуылдау бригадасы командасының жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Күміс пен қола жүлделер Қонаев пен Жетісу гарнизондарының десанттық-шабуылдау бригадаларына бұйырды.

Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінде армиялық қоян-қолтық ұрыс жауынгерлік даярлықтың негізін құрайды. Аталған жекпе-жекте – бокс, тай боксы, кикбоксинг және күрес элементтері бар. 

Армиялық қоян-қолтық ұрыс толық контактілі спорт түрі болып саналады. Татамидегі болуы тиіс жарақ жабдықтарынан міндетті элементтердің бірі – сауыт. Жауынгер жабдықтарының салмағы шамамен үш келі, бұл әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік міндеттерін орындауда дене дайындығына ықпал етеді, – деп түсіндірді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығы басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының офицері майор Марат Ағамбаев.

Жарысқа жеті команда қатысты. Сегіз салмақ дәрежесіндегі жауынгерлердің жалпы саны 60-тан астам әскери қызметшіні құрады. Олардың ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 3 спорт шебері, 10 спорт шеберіне үміткер бар, қалғандары – 1-разрядты спортшылар.

Өз салмақ дәрежелерінде 18404 әскери бөлімінің жауынгері сержант Абзал Әбдіқалық (57 келі), 61993 әскери бөлімінің намысын қорғаған кіші сержант Айдын Нұритдинов (62 келі), 61993 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі жауынгері Диас Давлятов (67 келі), 61993 әскери бөлімінен ефрейтор Дархан Дабылбек (73 келі), 18404 әскери бөлімінің атынан шыққан сержант Азамат Түркебаев (80 кг), 61993 әскери бөлімінен сержант Көбеген Өтегенов (88 кг), 61993 әскери бөлімінің офицері капитан Темірлан Күмісбеков (97 кг) және 97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде – 18404 әскери бөлімінің жауынгері сержант Жайық Қалибеков жеңімпаз атанды. 

Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының кубогына арналған сайыс – іріктеу жарысы. Үздіктер деп танылғандар биылғы жылдың наурыз айында Алматыда өтетін ел Қарулы күштерінің чемпионатына қатысатын болады.

Жуырда жарыс жеңімпаздарымен қоян-қолтық ұрыстың үздіктері арасында Қарулы күштер чемпионатына кіл мықтыларды іріктеу үшін оқу-жаттығу жиыны өткізілетін болады.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88