Дзюдодан ел чемпионатында армия екі алтын олжалады

Бұл сайыс әлем чемпионатына іріктеу болды

Ұлас Үсенбай
31/07/2023 - 21:36

Алматыда ҚР Дзюдо федерациясының қолдауымен өткен жарыста армия орталық спорт клубының спортшылары бірінші орынды олжалады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сайыста ерлер мен әйелдер 9 жас және 7 салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Қорғаныс министрлігі Спорт клубының төрағасы – ОСК бастығы подполковник Арман Әбеуов 100 келі (М-3) жоғары салмақта чемпион атанды. Онымен бір клубтағы Қарулы күштердің қызметкері Евгений Кондратьев чемпионатта 100 келі (М-3) дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

«Бүгін дзюдоның мықтылары арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл сайыс биылғы қараша айының басында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болды», – деді Арман Әбеуов.

Осы чемпионатта орталық спорт клубынан екі спортшы өнер көрсетіп, екеуі де бірінші орын олжалады.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91