Армия спортшылары Париж Олимпиадасының лицензиясын алу үшін бағын сынауда

Басты міндет – Париждегі Олимпиадаға лицензиялық квота жеңіп алу

Админ
13/01/2024 - 18:46

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстан құрамасының сапында оқ атудан және стендтік атудан Азияның лицензиялық чемпионаттарына сайысқа түсуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқ атудан чемпионат Индонезияның Джакарта қаласында (5-18 қаңтар), стендтік атудан – Кувейттің Эль-Кувейт қаласында (12-22 қаңтар) өтіп жатыр. 

Индонезияда жарысқа ОСК-ның төрт спортшысы – ҚР Қарулы күштерінің қызметшілері Валерий Рахымжан, Юрий Юрков, Эльдар Иманқұлов және мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Ярослав Махнев қатысуда. 

Жарыс барысында армия спортшысы Валерий Рахымжан финалға өтіп, бесінші орынға ие болды. Оқ атудан Азия чемпионатына Азия құрлығының 29 елінен барлығы 380 спортшы қатысуда.

Кувейтте бүгін басталатын Азия чемпионатында 40 елден 500-ден астам спортшы сайыста сыналмақ. Қазақстанның намысын 18 атқыш қорғайды. Олардың қатарында әскери қызметшілер – кіші сержант Әсем Орынбай және мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Әлішер Айсалбаев бар.

Бұл жолғы қазақстандық спортшылардың алдына қойған міндеті – Париждегі Олимпиадаға лицензиялық квота жеңіп алу.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88