Елена Рыбакина Брисбен турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші финалда Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді

Админ
07/01/2024 - 18:34

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстандық теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі, әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Елена бет қаратпады — 6:0.

Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді — 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

А.Соболенко 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Осылайша Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанды.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88