Францияда өтетін Олимпиада алауының дизайны ұсынылды

Париж ойындарының от жағу рәсімі 2024 жылдың 16 сәуірінде өтеді

Ұлас Үсенбай
27/07/2023 - 23:29

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

2024 жылғы Париж олимпиадасын ұйымдастыру комитеті Олимпиада алауының эстафетасы аясында қолданылатын алау дизайнын ұсынды, деп хабалайды Sarbaz.kz тілшісі Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алау ең алдымен өзінің ерекше және жарқын «шампан» түстілігімен ерекшеленеді. Алау дизайны 2024 жылғы Олимпиада ойындарының үш символына негізделген: теңдік, су және бейбітшілік. Бұл алауды дизайнер Матье Леанне жасап шығарды.

Болаттан жасалған алаудың мөлшері 70 см, жоғарғы және төменгі бөлігіндегі минималды диаметрі – 3,5 см, ортасында максималды диаметрі – 10 см.

Алаудың салмағы – 1,5 кг. барлығы 2 мың дана дайындалады. Алдыңғы ойындармен салыстырғанда алау саны бес есе аз.

Париж ойындарының от жағу рәсімі 2024 жылдың 16 сәуірінде өтеді. Алау 8 мамырда Марсельге барады, Олимпиада алауының эстафетасы Францияның 400-ден астам қаласында өтеді. Оған 10 мың алау ұстаушы қатысады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85