Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскери ант берді

«Отанды сүю – иманнан» дейді ант қабылдаған спортшы

Админ
30/12/2023 - 18:17

instagram.com/tashkenbay_sanzhar

instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Боксшы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы Күштері қатарына қабылданды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында әскери бөлімде ант қабылдап жатқан суретін жариялап, «Отанды сүю – иманнан» деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын.

Сонымен қатар 20 жастағы қазақстандық боксшы Иордания астанасы Амманда өткен 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88