Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы 18-жеңісіне қол жеткізді
Қазақ файтері Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-де алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Отандасымыз Лас-Вегаста (АҚШ) өткен 296-шы турнирде өнер көрсетті, онда америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) жқдырықтасты.
Бұл жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген еді, алайда Рахмонов екінші раундта тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.
Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Стивен Томпсон жетінші рет жеңіліске ұшырады.
Бұл Рахмоновтың 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды: наурыздың басында ол америкалық Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жек өткізіп, оны үшінші раундта тұншықтыру тәсілімен қапы қалдырған.