Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан Еуропа кубогін жеңіп алды

Еліміздің спортшысы 83.47 бал жинады

Админ
10/12/2023 - 16:45

olympic.kz

olympic.kz

Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогінің кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша еліміздің спортшысы 83.47 балмен 1-орын алды.

Екінші орынға Канада өкілі Александра Монтмини (65.45 балл), үшінші орынға америкалық Амелия Глоговски (62.14) табан тіреді.

Қазіргі уақытта 28 жастағы Ж.Алдабергенова Шаңғы спортынан халықаралық федерацияның 260 ұпайына ие.

Айта кетейік, Алдабергенова бұған дейін Рукада өткен әлем кубогі кезеңінде де жүлде алған болатын. Ол 77.43 балмен қола медаль еншіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5