Әскердегі дене шынықтыру және спорт бастықтарына жаңа міндет қойылды

Орталық спорт клубында ҚР Қарулы күштері дене шынықтыру және спорт бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны өтті

Админ
03/12/2023 - 23:29

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жиын барысында биылғы оқу жылы қорытындыланып, келесі оқу кезеңіне жаңа міндеттер қойылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әскери қызметшілерге арналған сабақтар әртүрлі спорт түрлерінен чемпионаттар мен жарыстардың төрешілерін ұйымдастыруға арналды. Жиынға қатысушылар Орталық спорт клубының алдағы қызмет тұжырымдамасының негізгі ережелерімен де танысты. 

Бұл шара дене шынықтыру және спорт бастықтарының кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Жиын барысында қатысушылардың тәжірибе алмасуға, сабақтарды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін зерделеуге мүмкіндіктері болды, – деді оқу жиынының міндеттерін атап өткен Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов. 

Жиын соңында дене шынықтыру және спорт бастықтары шағын футболдан өткен жолдастық матчқа қатысты.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41