Жарысқа барлығы 34 мемлекеттен 193 атлет жиналды
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Рахат Бралин Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан Bosphorus Cup-2023 додасында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Ол қос жаттығудың нәтижесінде 203.40 ұпай жинады. Алтын әзірбайжандық спортшы Владимир Литвинцевтің (221.10 ұпай) еншісінде.
Одан кейінгі сатыға Түркия спортшысы Бурак Демирбога (211.02 ұпай) жайғасты.
Бұл жарысқа барлығы 34 мемлекеттен 193 атлет жиналды.