Ол өзіне жауап беретін футболшының табылмағанына да қынжылды
ММА шебері Қуат Хамитов қазақстандық футболшыларға үңдеу жолдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Спортшы бүгінде миллиондап ақша алып отырған футболшыларға ұсыныс жасап, жемқорлықты дер кезінде тоқтатуды ұсынды. Сонымен қатар ол өзіне жауап беретін футболшының табылмағанына да қынжылды.
Жігіттер менің сендерге айтарым бар. Мен футболға байланысты мәселелерді 2016-17 жылдардан бері қозғап келемін. Содан бері араларыңда маған жауап беретін бір еркектің табылмағандығына таңым бар. Футбол төңірегіндегі азаматтарды меңзеп отырмын. Барлығың ауылдансыңдар ғой! Қазақстанның ауылдарында қазір жол жоқ, медицина жоқ, жастар жұмыссыз сенделіп жүр. Осыны біле тұра араларыңнан біреуіңнің: «Жігіттер, халықтың ақшасына қол сұғуды доғарайық» деп айтуға шамаларың жетпегені ме? 30 жылда футболға 1,5 млрд ақша кетті. Ал бізде айтарлықтай нәтиже жоқ. Бұл жемқорлықты дер кезінде тоқтатайық, - деді Қуат Хамитов.