Ойын 3:1 есебімен аяқталды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Сан-Маринодан басым түсті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Алғаш рет негізгі құрамда шыққан «Тобыл» футболшысы Ислам Чесноков дубльдің авторы атанды. Ол екі голды да айып алаңның сыртынан салды. Сан-Марино да қарап қалмады. 60-минутта есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ одан әріге шамалары жетпеді. Кездесу соңында пенальтиден Абат Айымбетов ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп -3:1.
Қазақстан - Сан-Марино - 3:1
Голдар: Чесноков, 19 (1:0). Чесноков, 51 (2:0). Франчози, 60 (2:1). Айымбетов, 91-пенальтиден (3:1).
Қазақстан: Шацкий, Қайыров (Скворцов,54), Малый, Марочкин, Быстров (Ерланов,54), Досмағамбетов (Вороговский,61), Чесноков, Бейсебеков, Зуев (Тапалов, 74), Оразов (Кеңесов), Айымбетов.
Қазақстан құрамасы 9 турдан кейін 18 ұпай жинап, Н тобында үшінші орында тұр.