Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша 2024 жылға дзюдодан ұлттық құрама құрылады
Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатының қорытындысы бойынша Орталық спорт клубының спортшылары екі алтын, бір күміс және бір қола жеңіп алды. Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 400-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
100 келіден астам салмақ дәрежесінде Қарулы күштердің қызметкері Камила Берликаш пен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қарулы күштердің қызметкері Нұрқанат Серікбаев жеңімпаз атанды.
100 келіден астам салмақ дәрежесінде кіші сержант Әділет Оразбаев пен 52 келіге дейін салмақ дәрежесінде Қарулы күштердің қызметкері Ғалия Тынбаева Орталық спорт клубының қоржынына күміс салды.
Орталық спорт клубы спорттық ротасының сарбазы Ғалымжан Қырықбай 100 келіден астам салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, қола жүлдегер атанды.
Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша 2024 жылға дзюдодан ұлттық құрама құрылады.