Әлем чемпионатына 65 елден 300-ден астам спортшы қатысты
Әскери қызметші Арнұр Қуатай Армения астанасы Ереванда самбодан өткен әлем чемпионатында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Жарысқа 65 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Олардың ішінде титулды самбошылар, әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары бар.
Ефрейтор Арнұр Қуатай төрт жекпе-жек өткізді. Алғашқы жекпе-жекте ол Моңғолиядан келген палуанды ұтса, екінші сайыста морокколық спортшыдан басым түсті.
Күміс медаль үшін болған жартылай финалда Арнұр Қуатай ресейлік спортшыға есе жіберді. Ал үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте ол грузин балуаны Миндия Лилуашвилиден басым түсті.
Жалпы Қазақстан құрамасы чемпионатта медальдық есеп бойынша үшінші орында тұр. Қазақстандық самбошылардың қоржынында бір алтын, екі күміс медаль бар.