Әлем біріншілігі: ҚР Қарулы Күштерінің офицері қола жүлдегер атанды

Әлем біріншілігінде ол төрт рет белдесу өткізді

Sarbaz.kz редакторы
03/11/2023 - 15:56

Абу-Дабиде өткен дзюдодан дүниежүзілік чемпионатта Қарулы күштердің офицері қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында кіл мықтылар арасында өткен дүниежүзілік дзюдо турниріне әлемнің 64 елінен мыңнан аса спортшы келді.

Табан тірескен күресте Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов италиялық балуанға есе жіберіп, 100 келіден жоғары салмақта үшінші орын алды.

Әлем біріншілігінде Арман Әбеуов төрт рет белдесу өткізді, оның үшеуінде – грузиялық екі қарсыласын және польшалық бір дзюдошыны жеңген болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41