Әлем чемпионаты: Армия спортшылары грек-рим күресінен «алтын» мен «күміс» олжалады

Ақтық сында ол түрік спортшысы Мұстафа Йылдырымды 2:1 есебімен ұтты

Sarbaz.kz редакторы
31/10/2023 - 20:19

Албания астанасы Тиранда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен күрестен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған армия спортшысы Сұлтан Әсетұлы қарсыластарына дес бермей, алтыннан алқа тақты.

Ақтық сында ол түрік спортшысы Мұстафа Йылдырымды 2:1 есебімен ұтты.

«Грек-рим күресінен біздің спортшылар әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Мақсатымыз да осы турнирде жеңіске жету болатын. Оған қол жеткіздік. Сұлтан өзінің спортшыға тән мінезі мен мықтылығы бар кәсіпқой екенін дәлелдеді», – деді балуанның жаттықтырушысы Марат Қуатов.

Қазақстан командасының қоржынына күміс жүлдені 55 келіге дейінгі салмақта Исхар Құрбаев салды. Соңғы кездесуде ол грузин балуаны Георгий Токхадзеге есе жіберді.

Айта кету керек, Сұлтан Әсетұлы – 23 жасқа дейінгі санаттағылар ішінде әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық балуан.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07