Тарихта тұңғыш рет қазақ баласы әлем чемпионы атанды

Админ
29/10/2023 - 15:27

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионатында Сұлтан Әсетұлы топ жарды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Финалда отандасымыз түркиялық палуан Мұстафа Йылдырымның осал тұсып тапты.

Аса тартысты өткен айқас 2-1 есебімен аяқталды. Кеше Ұлттық құрама палуаны іріктеудегі шиеленісті белдесуде украиналық Олег Халиловтан басым түскен.

Сосын, Стив Момилиа (Италия) мен Муслим Имадаевты (Ресей) жеңді. Жартылай финалда Әзірбайжан спортшысы Хасан Маммадлиді айқын басымдықпен тізе бүктірді (9-0).

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында әйелдер күресінен Алтын Шағаева (53 келі) мен Ирина Кузнецова (62 келі) қола жүлдегер атанды

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07