Азия пара ойындары: Қазақстан спортшылары бүгін қандай жарыстарға шығады

Министрлік ойын кестесін жариялады

Sarbaz.kz редакторы
26/10/2023 - 15:07

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында бүгін, яғни 26 қазанда Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы Sarbaz.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, 26 қазандағы жарыс кестесі мынадай:

  • 9:00 - Бочча. Топтық раунд
  • 9:00 - Пара садақ ату. Жартылай финал
  • 9:00 - Пара велоспорт. Іріктеу. Жартылай финал. Финал
  • 9:00 – Шахмат. 7 раунд
  • 9:30 - Пара үстел теннисі. 1/8, 1/16 финал
  • 9:44 - Пара жеңіл атлетика. Іріктеу. Жартылай финал. Финал
  • 10:00 - Пара ескек есу. Іріктеу
  • 10:40 - Пара жүзу. Іріктеу. Жартылай финал. Финал
  • 11:00 - Пара пауэрлифтинг. Финалға дейінгі жарыстар
  • 12:00 - Волейболды отырып ойнау (Қазақстан -Қытай) Топтық раунд

Айта кетейік, IV Азия пара ойындары 22-28 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 22 спорт түрінен 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07