Азия Пара ойындары: қазақстандық спортшы екінші медаль жеңіп алды

Азия Пара ойындары Қытайда өтіп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
24/10/2023 - 15:36

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында VL3 санатындағы ерлер арасында параканоэ есуден финалдық жарыстар өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан құрамасының өкілі Бибарыс Спатай өзбекстандық қарсыласы Хайтмұрот Шеркузиевтен небәрі 0,463 секунд артта қалып, екінші болды. Үшінші орынды жергілікті спортшы Пу Йи (+1,010) иеленді.

Қазақстандық үшін бұл осы ойындардағы екінші медаль болды. Бір күн бұрын ол KL2 санатында күміс жүлдеге ие болды.

Қазіргі кезде Қазақстанның қоржынында Ханчжоудағы Пара ойындарында жеңіп алған он медаль бар – екі алтын, төрт күміс және төрт қола.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91