Ұлттық ұлан сарбазы Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарында күміс жүлдегер атанды

Спортшы Азия және Тынық мұхиты елдерінің екінші командасының атынан шықты

Sarbaz.kz редакторы
23/10/2023 - 18:42

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Қазақстандық гвардияшы-самбошы Еламан Қойшыбаев Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарында аралас командалық есепте күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ұлттық ұланның ақтөбелік сарбазы спортшы Азия және Тынық мұхиты елдерінің екінші командасының атынан шықты.

«Біздің команда құрамында Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінен келген самбошылар болды. Финалға дейін 2 команданы жеңдік. Кеше жартылай финалда жеңіліп қалған Беларусь спортшысымен кездестім. Екі күн қатарынан күресуге күшім жетті. Енді елге оралған соң, алдағы әлем чемпионатына дайындаламыз. Онда мен 88 келі салмақ дәрежесінде күш сынасамын», – деп финалдан кейін Еламан Қойшыбаев ойымен бөлісті.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта V Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары өтті. Спартакиадаға Қазақстан құрамасы сапында 7 балуан қатысып, жекелей сында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алса, аралас командалық есепте біздің құрама 2 күміс медальмен марапатталды. Қазақстандық спортшылар осы ойындарға лицензияны осы жылдың маусым айында Астанада өткен Азия-Тынық мұхиты чемпионатында жеңіп алған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91